Жүйке жүйесі. Құрысуға қарсы препараттар.
Кеппра ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерге алғаш рет анықталған эпелепсия кезінде парциалды ұстамаларда (екіншілік генерализацияланған немесе генерализацияланбаған) монотерапия ретінде тағайындалады.
Кеппра келесі жағдайларда қосалқы адъювантты терапия ретінде қолданылады;
-ересектерде,жасөспірімдерде,балалар мен 1айлық нәрестелерде эпелепсия кезінде парциалды ұстамаларды (екіншілік генерализацияланған немесе генерализацияланбаған емдеуде)
-ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде ювенильді миоклониялық эпелепсия кезінде миоклониялық ұстамаларды емдеуде
-ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде идиопатиялық генерализацияланған эпелепсия кезінде алғаш генерализацияланған миоклониялық құрысу ұстамаларын емдеуде
Енгізу әдісі мен жолы
Қабықпен қапталған таблеткаларды ішке қабылдау керек,жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен бірге жұту қажет,тамақпен бірге немесе тамақсыз қабылдауға болады.Ішке қабылдағаннан кейін ащы дәм сезілуі мүмкін.Күнделікті доза екі тең бөлікке бөлініп қабылданады.
Қарсы көрсетілімдер;
Белсенді затқа немесе пирролидонның басқа туындыларына,сондай-ақ кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық
- Бағасы: 9 000 ₸


Жіберу 09 сәуір 2026