Құрамы :
Әрбір таблеткада 50 мг белсенді зат - рилузол,сондай-ақ қосымша қосылыстар бар.Макрогол 6000,магний стеараты,титиан диоксиды (Е171),микроеристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза,кроскалмеллоза натрий,сусыз коллоидты кремний диоксиді,сусыз екі негізді кальций фосфаты,тазартылған су.
Шығару түрі:қабықпен қапталған дәрілер,бір қорапта 56 дәрі бар.
Фармакологиялық әсері:
Рилузол жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер тобына жатады.Ол глутамат молекулаларының бөліну процесін тежей алады.
Фармакодинамикасы және фармакокинетикасы:
Рилузол бензоитиазолдың туындысы болып табылады.Ол глутаматтық нейротрансмиссия механизмдеріне көпқырлы әсер етеді Препараттың әсер ету механизмі күрделі құрылымға ие деп болжанады және оның келесі қасиеттеріне негізделген
глутаматтың бөлінуін тежейді
кернеу-тәуелді натрий арналарының инактивациясын қамтамасыз етедіжәне С-ақуызға тәуелді импульс беру жолдарын ынталандырады
М-метил-О-аспарагин қышқылының рецепторларын бәсекелессіз түрде блоктайды
Рилузол бүйірлік (латеральді) амиотрофиялық склерозбен (Шарко ауруы) ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығын арттыра алады
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін рилузол тез сіңеді (90% ) және абсолютті био жетімділік (60%) құрайды.Егер препарат майлы және калориясы жоғары тағаммен бірге қабылданса,биожетімділік 40 % -ға төмендейді.Қандағы ең жоғарғы концентрация 1,5 саңаттан кейін байқалады және шамамен 173 нг/мл құрайды. Рилузол бүкіл денеге таралады,97 % -ға дейін қан плазмасындағы ақуыздармен (негізінен альбуминдермен және липопротиендермен) байланысады.Гематоэнцефаликалық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне бөлінеді.Жартылай ыдырау кезеңі 9-15 сағат.Бауыр қызметінің бұзылуы бар науқастарға АUC өзгерістері.Орташа деңгейдегі бауыр жеткіліксіздігіне - АUC шамамен 3 есе артады.Жеңіл созылмалы бауыр жеткіліксіздігінде - AUC 1,7 есе артады.
Қолдану көрсеткіштері:
Шарко ауруы бүйірлік немесе латеральды амиотрофиялық склероз БАС
Қарсы көрсетілімдер:
-балалар жасы
-жүктілік немесе лактация кезеңі
-бүйрек функциясының бұзылыстары
-аланинаминотрансфераза АЛТ деңгейінің 5 еседен артық жоғарлауы
-препараттың компоненттеріне сезімталдық
Жанама әсерлері:
тахикордия,ұйқышылдық,бас айналу,құсу,диарея,жүрек айну,парестезиялар,астениялық синдром.
- Бағасы: 65 000 ₸


