Эндоксан басқа ісікке қарсы препараттармен біріктірілімде де, монотерапия ретінде де қолданылуы мүмкін. Сүйек кемігін транспланттау алдында кондициялау: ауыр апластикалық анемия,жедел миелолейкоз немесе лимфобластикалық лейкоз,созылмалы миелолейкоз лейкоз.Жедел немесе созылмалы лимфобластикалық/ лимфоцитарлы және миелогенді лейкоз,Ходжкин ауруы,Ходжкин емес лимфомалар,көп миелома,сүт безі обыры,аналық без обыры,өкпенің ұсақ жасушалы обыры,нейробластома,Эвинг саркомасы.
Эндоксан,жыныс мүшелерінің ісіктері,жұмсақ тіндердің саркомалары,ретикулосаркомалар үшін қолданылады.
Иммуносупрессивті агент ретінде Эндоксан прогрессивті аутоиммунды ауруларда( ревматоидты артрит,псориазды артрит,жүйелі қызыл жегі)гломерунефриттің кейбір түрлерінде,суық агглютинацияда,Вегенер гранулематозында және трансплантациядан бас тарту реакциясын емдеуде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары:
Эндоксанды ісікке қарсы басқа препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы керек.Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін препаратты 0,9% натрий хлориді ерітіндісінің тиісті мөлшерінде ерітеді:
Эндоксан 200 мг - 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі
Эндоксан 500 мг - 25 мл0,9% натрий хлориді ерітіндісі
Эндоксан 1000 мг - 50 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі
Егер еріткішті қосқаннан кейін құтыларды қарқынды шайқаса, препарат тез ериді. Егер препарат бірден және толық ерімесе құтыны бірнеше минутқа қалдыру ұсынылады. Ерітінді көктамыр ішіне қолдануға арналған, оны инфузия түрінде жүргізген жөн.
Мақсаты:
Лейкемия,Ходжкин лимфомасы,Ходжкин емес лимфома,аналық без қатерлі ісігі,өкпе рагы,сүт безі қатерлі ісігі,трансплантациядан бас тарту реакциясы,көптеген миелома,нейробластома,Эвинг саркомасы,жыныс мүшелерінің ісіктері,прогрессивті аутоиммунды аурулар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
-сыртартқысында циклофосфамидке жоғары сезімталдық
-сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылулары
-цистит
-несеп шығарудың іркілуі
-жүктілік және бала емізу кезеңі
-белсенді инфекциялар
- Бағасы: 12 000 ₸


Жіберу 09 сәуір 2026