Таксату ( Паклитаксел) Taxaty 150 мг/25 мл
25 000 ₸
- Бар
Дәрілік түрі: инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
Құрамы:1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - паклитаксел
қосымша заттар: сусыз этанол, макроглицерол рицинолеаты, сусыз лимон қышқылы.
Сипаттамасы:бөгде бөлшектері жоқ мөлдір,түссіз немесе сәл сарғыш тұтқыр ерітінді.
Фармакотерапиялық топ:
Ісікке қарсы препарат. Өсімдік тектес алкалоидтар.Таксандар.Паклитаксел.
Фармакологиялық қасиеттері:
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 135 мг/м 2 және 175 мг/2 м дозада 3 және 24 сағаттық инфузиядан кейін жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні 3,0-ден 52,7 сағатқа дейін өзгереді.ал клиренстің орташа мәндері 11,6-дан 24,0 л/сағ/м2-ге дейін ауытқиды
Фармакодинамика:
Паклитаксел митоздың тежегіші болып табылады. Спецификалық препарат микротүтікшелердің бета-тубулинімен байланысып,осы негізгі ақуыздың деполимерлену процесін бұзады, бұл жасушада жұмыс істемейтін микротүтікшелердің қалыптан тыс шоғырларының жиналуына әкеледі және митоз процесін бұзады.
Қолдануға көрсеткіштер:
-аналық без обыры(оң нәтиже бермеген стандартты емнен кейін лапаротомиядан кейін цисплатинмен біріктірілімде лапаротомиядан кейін 1 см-ден астам аурудың таралған түрі немесе қалдық ісігі бар науқастарды бірінші қатардағы емдеу және метастаздар кезінде екінші қатардағы емдеу)
-сүт безі обыры(антрациклинмен және циклофосфамидпен (АС) стандартты біріктірілген емнен кейін зақымданған лимфа түйіндерін емдеуге арналған қосымша зат ретінде). Паклитакселді қолданумен қосымша емдеу баламалы кеңейтілген АС-терапия болып табылады. Паклитаксел бастапқы ем ретінде немесе сүт безінің метастаздық обырының кеш сатысында трастузумабпен біріктірілімде,3+ деңгейінде (иммуногистохимия көмегімен айқындалған) шамадан тыс экспрессияланған HER-2 пациенттеріне,сондай-ақ антрациклинмен емдеуге жарамсыз пациенттерге тағайындалады
Монотерапия ретінде метастаздық карциноманы емдеу үшін пациенттерге антрациклиндерді қолданумен стандартты емнің тиімсіздігінен кейін немесе антрациклинмен емдеуге жарамсыз пациенттерге тағайындалады)
-өкпенің асқынған сатыдағы ұсақ жасушалы емес обыры (хирургиялық емдеу және/немесе сәулелік терапия жүргізу жоспарланбаған науқастарда өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры кезінде ципластинмен біріктірілімде)
-ЖИТС-пен ауыратын науқастағы Капоши саркомасы (СК) ( липосомалық антрациклиндермен тиімсіз емдеуден кейін ЖИТС-пен ауыратын науқастардағы Капоши саркомасын емдеу үшін)
| Негізгі белгілері | |
|---|---|
| Өндіруші | БЭТ |
- Бағасы: 25 000 ₸

