Deloday — аллергияға қарсы ұйқышылдық тудырмайтын препарат. Ол аллергиялық реакцияны және оның симптомдарын бақылауға көмектеседі. 12 жастан асқан балалар мен ересектер қолдана алады.
Deloday аллергиялық риниттің белгілерін жояды: түшкіру, қышыну және мұрыннан бөлінділер, таңдай мен көздің қышуы, жас ағу, жөтел (шөптік қызба, кенеге аллергия және т.б. жағдайларда).
Препарат сондай-ақ тері қышуы, бөртпе, қызару және аллергиядан туындайтын созылмалы идиопатиялық есекжем симптомдарын жеңілдетеді.
Deloday аллергия белгілерін тәулік бойы жеңілдетіп, қалыпты өмірге және толыққанды ұйқыға оралуға көмектеседі.
3. Арнайы нұсқаулар
3.1. Қолдануға болмайтын жағдайлар:
-
Дезлоратадинге, лоратадинге немесе дәрінің басқа құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдық (аллергия).
3.2. Сақтықпен қолдану:
-
Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылыстары кезінде.
-
Қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
3.3. Ас және сусындармен бірлесіп қабылдау
Deloday-ды аш қарынға да, тоя тамақтан кейін де қабылдауға болады.
3.4. Жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
3.5. Көлік құралын басқару
Сирек жағдайда ұсынылған дозада Deloday ұйқышылдық тудыруы мүмкін, мұндайда көлік жүргізуден бас тарту қажет.
3.6. Басқа дәрілермен қолдану
Deloday басқа препараттармен әрекеттеспейді.
Егер сіз қандай да бір дәрі-дәрмектерді (рецептпен немесе онсыз) қолданып жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
4. Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға:
Аллергиялық ринит пен созылмалы идиопатиялық есекжемнің белгілерін жеңілдету үшін күніне бір рет 1 таблетка (5 мг) Deloday қабылданады.
Емдеу ұзақтығын аллергиялық ринит түріне байланысты дәрігер анықтайды.
-
Шөптік қызба, кенеге аллергия немесе маусымдық аллергия кезінде дәрігер анамнезді қарап, сәйкес ем тағайындайды.
Препаратты тамақтан кейін де, ашқарынға да ішуге болады.
Қарт адамдарға:
Deloday-дың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
4.1. Артық дозалану:
Егер мөлшерден көп қабылдасаңыз — дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Артық дозаланған жағдайда ауыр жанама әсерлер тіркелмеген.
4.2. Дозаны өткізіп алу:
Ұмытқан жағдайда есіңізге түскен бойда қабылдаңыз. Кейін қалыпты режимде жалғастырыңыз.
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарланған доза қабылдамаңыз.
5. Жағымсыз әсерлер
Ауыр және сирек кездесетіндері (дәрігерге жүгіну қажет):
-
Жалпы аллергиялық реакциялар (бөртпе, ауыз немесе тамақ ісінуі, жұтыну/тыныс алудың қиындауы).
-
Бауыр проблемалары.
-
Көру немесе есту бұзылыстары (галлюцинациялар).
-
Талма.
-
Жүрек соғысының жиілеуі.
Жиі кездесетіндері:
-
Ауыздың құрғауы.
-
Бас ауруы.
-
Бас айналу.
-
Іштің ауыруы.
-
Бұлшықет ауыруы.
-
Нервоздық.
-
Шаршау.
-
Ұйқышылдық немесе ұйқысыздық.
-
Ас қорытудың бұзылуы.
-
Жүрек айну, құсу.
6. Сақтау шарттары
Препаратты бөлме температурасында (25°C-тан төмен) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кейін қолданбаңыз.
- Бағасы: 5 000 ₸


