Сайт жасау Satu.kz-те
Себет
33 пікір
+7 (706) 608-21-85
Daricare
Себет

ЭНФЛУВИР 75 мг Nº10 (Осельтамивир)

7 000 ₸

  • Бар
ЭНФЛУВИР 75 мг Nº10 (Осельтамивир)
ЭНФЛУВИР 75 мг Nº10 (Осельтамивир)Бар
7 000 ₸
+7 (706) 608-21-85
менеджер
+7 (706) 608-21-85
менеджер
14 күн ішінде тауарды қайтару келісім бойынша

Саудалық атауы

Энфлювир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Осельтамивир

Дәрілік түрі, дозасы

Қатты капсулалар, 75 мг

Фармакотерапиялық топ

Жүйелі қолданылатын инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы құралдар. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін дәрілер. Нейраминидаза тежегіштері. Осельтамивир.

АТХ коды J05AH02

Қолдануға көрсеткіштер

Тұмауды емдеу

Энфлювир тұмау вирусының қоғамда таралу кезеңінде тұмауға тән белгілері бар ересектерге арналған. Тиімділігі ем тұмау симптомдары басталған сәттен бастап екі тәулік ішінде басталған жағдайда дәлелденген.

Тұмаудың алдын алу

- Халық арасында тұмау вирусының жаппай таралуы кезінде тұмаудың клиникалық диагностикаланған жағдайына ұшырағаннан кейін ересектердегі экспозициядан кейінгі профилактика.

- Тұмаудың профилактикасы үшін Энфлювир препаратын тиісінше қолдану мән-жайларға және қорғауды қажет ететін пациенттер тобына байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалуы тиіс. Ерекше жағдайларда (мысалы, айналымдағы вирус штаммы мен вакцина құрамындағы штамм арасында сәйкессіздік болған жағдайда, сондай-ақ пандемия кезеңінде) маусымдық профилактика қарастырылуы мүмкін.

Энфлувир препараты тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды.

Тұмауды емдеу және алдын алу үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсыныстарға негізделуі тиіс. Емдеу және профилактика үшін вирусқа қарсы агенттерді қолдану туралы шешім айналымдағы тұмау вирустарының сипаттамаларын, тұмау вирустарының әр маусымдағы дәрілік заттарға сезімталдығы, әртүрлі географиялық аймақтардағы аурудың әсері және емделушілер топтары туралы қолжетімді ақпаратты ескере отырып қабылдануы керек.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- осельтамивирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Энфлювир препараты А және В тұмауы вирустары туындатқан ауруларға қатысты ғана тиімді.

Энфлувир препаратын қолдану тұмауға қарсы вакцинацияны алмастыра алмайды. Энфлювир препаратын пайдалану тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинацияны жүргізу кезінде пациенттерді бағалауға әсер етпеуі тиіс. Тұмаудан қорғау Энфлювир препараты қолданылғанша ғана созылады. Препаратты тек тұмауды емдеу және алдын алу үшін және сенімді эпидемиологиялық деректер тұмау вирусының жалпы популяцияда таралатынын көрсеткен жағдайда ғана қолдану керек.

Психоневрологиялық бұзылулар

Осельтамивирмен емделген емделушілерде, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде құрысулар мен сандырақтар сияқты жүйке-психиатриялық бұзылулар туралы хабарланды. Сирек жағдайларда бұл құбылыстар кездейсоқ жарақаттарға алып келді. Осельтамивирдің аталған жағдайлардың дамуындағы рөлі белгісіз. Сондай-ақ, осельтамивирді қабылдамаған тұмаумен ауыратын науқастарда жүйке-психиатриялық бұзылулар туралы хабарланған. Үш ауқымды эпидемиологиялық зерттеулерде вирусқа қарсы ем қабылдамаған тұмаумен ауыратын науқастарда оселтамивир қабылдаған тұмаумен ауыратын науқастарға қарағанда жүйке-психиатриялық бұзылулардың даму қаупі жоғары емес екендігі дәлелденді. Пациенттерді, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият бақылау керек.

Тапсырыс туралы ақпарат
  • Бағасы: 7 000 ₸