Фармакологиялық әсер
Антифибринолитикалық дәрі. Транексам қышқылы профибринолизиннің (плазминоген) активтенуін және оның фибринолизинге (плазмин) айналуын спецификалық тежейді. Фибринолиздің жоғарылауымен (тромбоциттер патологиясы, меноррагия) байланысты қан кетулерде жергілікті және жүйелі гемостатикалық әсерге ие. Сондай-ақ транексам қышқылы аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысатын кининдердің және басқа белсенді пептидтердің түзілуін тежеу арқылы аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсерге ие.
Фибринолиздің жоғарылауымен байланысты қан кетулерді келесі патологиялық жағдайларда қысқа мерзімді емдеу:
- простатэктомия;
- қуықтағы операциялық араласулар;
- меноррагия;
- мұрыннан қан кету;
- жатыр мойнының конизациясы;
- травматикалық гипема (көздің алдыңғы камерасына қан құйылу).
Гемофилиямен ауыратын, шағын хирургиялық араласудан (соның ішінде тісті жұлу) өтетін емделушілерде қан кетудің алдын алу және емдеу.
Тұқым қуалайтын ангиодема (аурудың өршуінің алдын алу).
Жүктілік кезіндегі қан кетулер.
- Бағасы: 14 500 ₸


